«Жеңіс жолындағы ерлік»

«Жеңіс жолындағы ерлік»

2025-05-09

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орай республикалық қайырымдылық акцияларын өткізу тұжырымдамасына сәйкес 6-мамыр күні «Жеңіске жол» акциясының аясында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі «Логопедия» мамандығы Л-Қ-23 оқу тобының ұйымдастыруымен «Жеңіс жолындағы ерлік» тақыбырында кездесу шарасы болып өтті.
Шараның мақсаты: білім алушыларға Ұлы Жеңістің мәнін ұғындыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ардагерлерге құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Шара қонағы Ауған соғысының ардагері Нарымбетов Жұмаділда Оспанұлымен өткен кездесу – жастар үшін үлкен тәрбие мектебі болды. Ардагер Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін дәріптей отырып, Ауған соғысы жылдарындағы кеңес әскері құрамында әскери қызметі барысындағы қиындықтар мен оқиғаларды баяндап, білім алушыларға қазіргі бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің маңызын түсіндіре білді. ⚜️Студенттер өз сұрақтарын қойып, шынайы естеліктер арқылы тарихпен қайта қауышты. Көрмеде соғыс жылдарындағы фотосуреттер, топ студенттерінің майдангер аталарының және шара қонағы Жұмаділда Оспанұлының марапаттары таныстырылып, студенттердің арнау өлеңдері ұсынылды. Шара барысында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, жүректен шыққан жырлар оқылды. Кездесуді бөлім меңгерушісі Арыстанбекова Гүлзира Изинбекқызы қорытындылап, шара соңында барша қатысушылар батыр қыз М.Мәметова ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алып, майдангерлер рухына тағзым етті.