
Мамандық таңдау - маңызды қадам. Адам өміріндегі ең батыл шешімдердің бірі - болашақта қай салада еңбек жолын қалыптастырып, кім болып жұмыс жасайтындығын таңдау.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі оқу-өндірістік бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жүргізілді. «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің оқытушылары мамыр айының 12-16 аралығында қаладағы №175 жалпы орта мектеп, №285 мамандандырылған мектеп-лицей интернат, №173 мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей, І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицей, Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицей, П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектеп, №128 негізгі мектептеріне арнайы барып, 11-сынып, 9-сынып бітіруші түлектерге кәсіби бағдар аясында түсіндірме жасады. Білім беру мекемелерінен 600 ге жуық білім алушы қатысты.
«Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары мен колледжде оқытылатын мамандықтар турасында толыққанды мәлімет берілді.
Сондай-ақ оқу орнымызда білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қорытындыланды.