Кәсіби бағдар беру – табысты болашақтың кепілі.

Кәсіби бағдар беру – табысты болашақтың кепілі.

2025-05-22

Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.
Оқу-өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес «Өнер» бөлімінің оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді:
№176 орта мектебінде Шахарбану Нарымбетова, Айнұр Ашенова,
Сералы Лапин атындағы №261 орта мектебінде Ғафура Қаппарова, Меруерт Бименова,
Талсуат ауылдық округі, №178 орта мектебінде Бекзат Абсатова, Қалдыгүл Мұстафаева,
Қарауылтөбе ауылдық округі, А.Хангелдин атындағы №179 орта мектебінде Ғазиза Мұратова, Гүлсайран Айдарбек,
Белкөл ауылдық округі №189 орта мектебінде Сәуле Жайназарова, Қарашаш Қалымбетова.
Аталған шараға оқу орны оқытушылары арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда «Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққанды мәлімет берілді. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.