«Филология» бөлімінде бітіруші ҚТ-Ж-21, ҚТ-Ж-21к оқу топтарында ата-аналар жиналысы болып өтті.

«Филология» бөлімінде бітіруші ҚТ-Ж-21, ҚТ-Ж-21к оқу топтарында ата-аналар жиналысы болып өтті.

2025-05-27

Ата-аналар жиналысында қарастырылған мәселелер: 1.»Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстары.
2.2024-2025 оқу жылының 1- жартыжылдық қортындысы. Педагог білімін бақылау (ПББ) нәтижесі, ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық барысы.
3. Мемлекеттік емтиханда ескеру қажет кеңестер. Жиналыста топ жетекшілер ата-аналарды топтастырып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұнымен, ондағы басшылыққа алынған құндылықтар туралы айтты. Және осы бағдарлама аясында топпен атқарылған тәрбие жұмыстарын бейнежазба арқылы көрсетті. Бітіруші түлектердің ПББ тестінен алған нәтижелері, ҰБТ дайындық барысы жөнінде баяндалды. Студенттердің оқу сапасы, қатысу сапасы жайлы ескертіліп, бөлім меңгерушісі Г.Жүсіпова алдағы уақытта болатын мемлекеттік емтиханның талаптары, өткізілу ерекшеліктері туралы түсіндірді. Жиналыс соңында ата-аналар жиналыс өз дәрежесінде өткендігін жеткізді.