Бүгін оқу орнымызда «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбымен акция өтті. Акцияға Облыстық жастар денсаулығын сақтау орталығы маманы Айман Құлмұртова, Облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының маманы Кенже Жүзбайқызы, колледж мейірбикелері Гүлжахан Махатайқызы, Айдана Алпыс және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ш.Жалғасбекұлы мен 1-2 курс білім алушыларынан 100-ге жуық студент қатысты. Нашақорлыққа қарсы ұйымдастырылған акцияда студенттерге видеороликтер көрсетіліп, мамандар тақырып аясында ақпараттар айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын, нашақорлықтың зардабы жайында ғылыми деректермен бөлісті. Шара соңында қатысушы жастар сала мамандарына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.