«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ КИБЕРБУЛЛИНГ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында сала мамандарымен кездесу болып өтті

«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ КИБЕРБУЛЛИНГ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында сала мамандарымен кездесу болып өтті

2025-05-27

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің 1,2 курс студенттері арасында «Жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг, оның алдын алу жолдары» тақырыбында сала мамандарымен кездесу болып өтті. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты:
• студенттерге кибербуллинг ұғымын түсіндіру;
• кибербуллингтің түрлерін, салдарын, және алдын алу жолдарын талқылау;
• білім алушылардың цифрлық мәдениетін дамыту, саналы интернет қолданушы болуға шақыру.
Дәріс сабаққа шақырылған сала мамандары:
1. Көштаева Сауле Жеңісбекқызы - Қызылорда қалалық полиция басқармасының анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция капитаны.
2. Бабаомарова Гүлдана Ергешбайқызы- Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының психолог маманы.
3. Мустекеева Арай Сағынбекқызы – колледж психологы.
Бөлімге қарасты 1-2 курс білім алушыларынан «Студент жастар арасында кибербуллинг» деген тақырыпта сауалнама алынды. Сауалнамаға 100-ден аса респондент қатысып, нәтижесінде кибербуллинг жайында білім алушыларда жалпы түсінік болғанымен, терең ақпараттық түсінік пен білім әлі де жетілдіруді қажет екендігіне көз жеткіздік.
«Кибербуллингтің зияны, қауіпті тұстары, қалай әрекет ету керек?» деген білім алушы студенттердің сұрақтарына жауап алу үшін арнайы сала мамандары өте сауатты, пайдалы ақпараттарға толы мәлімет берді.