«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰЛҒАЛАРЫ» әдеби кеш Кітапхана қызметкерлері мен «Жас толқын» шығармашыл жастар үйірмесінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Туған жердің тұлғалары» атты әдеби кеш өткізілді.

«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰЛҒАЛАРЫ» әдеби кеш Кітапхана қызметкерлері мен «Жас толқын» шығармашыл жастар үйірмесінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Туған жердің тұлғалары» атты әдеби кеш өткізілді.

2025-05-28

Шараға «Зере» қыздар клубы мен «Филология» бөлімінің студенттері қатысты.
Шараның мақсаты - жастарға туған жерден шыққан әдебиет және мәдениет саласында жүрген жастарды таныстыру, отансүйгіштік пен рухани тәрбие беру.
Бұл әдеби кездесу - туған топырақтан түлеп ұшқан жас ақындармен жүздесуге арналды. Қазақ халқында «Ұстаз жолын жалғайтын — шәкірт» деген дана сөз бар. Бүгінгі кеште осы білім ордасынан қанат қаққан, бүгінде ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген, педагог мамандығын жүрек қалауымен таңдаған түлектер – жас қаламгерлер қонақ болды. Кеш қонақтары - жас ақындар Өтепберген Нұргелді мен Санақұл Бексұлтан өз шығармашылығымен бөлісіп, өлеңдерін жатқа оқыды. Шара барысында әдеби көріністер қойылып, жыр сүйер жастардың шабытын оятатын рухани атмосфера қалыптасты.