02151000 – «Халықтық көркем шығармашылығы» мамандығы ХКШ-22 тобы машықтанушылары «М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық Өнер мектебінің» базасында кәсіптік тәжірибеден өтті.

02151000 – «Халықтық көркем шығармашылығы» мамандығы ХКШ-22 тобы машықтанушылары «М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық Өнер мектебінің» базасында кәсіптік тәжірибеден өтті.

2025-05-29

02151000 – «Халықтық көркем шығармашылығы» мамандығы ХКШ-22 тобы машықтанушылары «Халық арасында хореография өнерін насихаттау, эстетикалық және көркемдік талғамды тәрбиелеу мақсатында концерттер дайындау және өткізу» оқу нәтижесі бойынша «М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық Өнер мектебінің» базасында кәсіптік тәжірибеден өтті. Кәсіптік практикада «Хореография» бөлімінің 1-3 сынып оқушыларына классикалық, қазақ, халықтық-сахналық және заманауи би бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Оқу комбинациялары мен би этюдтар, хореографиялық қойылымдар жасады. «Балбұлақ» халықтық-үлгілі балалар би ансамблінің облыс әкімі Н.Нәлібаев, оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қатысуымен өткен «Сыр жұлдыздары» шығармашылық академиясының ашылуында оқушылармен біріккен би қойылымында жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бітіруші түлектерге сәттілік пен шығармашылық табыстар тілейміз!