Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда ОПД-ті ЖТҚБ-ның ОТЗЗҚК бөлімі инспекторы полиция майоры Г.Искакова М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі оқытушыларымен кездесу өткізді.

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда ОПД-ті ЖТҚБ-ның ОТЗЗҚК бөлімі инспекторы полиция майоры Г.Искакова М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі оқытушыларымен кездесу өткізді.

2025-05-31

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда ОПД-ті ЖТҚБ-ның ОТЗЗҚК бөлімі инспекторы полиция майоры Г.Искакова, Қызылорда ОПД-ті ЖТҚБ-ның ОТЗЗҚК бөлімі инспекторы полиция капитаны Г.Хожаева, ОПД-ті ЖТҚБ-ның ОТЗЗҚК бөлімі инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.Бөрібай М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі оқытушыларымен кездесу өткізді. Оқытушыларға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нақты айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жасалған құқықбұзушылықтар бойынша жауапкершілік күшейтілгенін атап көрсетті.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева бала тәрбиесіндегі ата-ана және мұғалімдердің саналы ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орнына тоқталса, құқық қорғау қызметкерлері отбасындағы құндылықтар мен даудың алдын алу бойынша баяндамалар жасады, отбасы тұрақтылығын сақтау тұрғысында өмірлік тәжірибелерден мысалдар келтірді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң Мемлекеттің теңдік пен Заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретіні таныстырылды. Жаңа Заңда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершіліктің күшейгенін, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар енгізілуі отбасылық жағдайларды өтініш бойынша емес, факт бойынша қаралатындығы хабарланды. Іс-шараның соңында қатысушылар пікір алмасып, келген қонақтар қойылған сұрақтарға толық жауап берді, ақпараттық-танымдық парақшалар таратылды.