"Филология" бөлімінің оқытушысы Гейдарова Джейлан Болатқызы мұғалімдермен «Ата-ана – мақсат пен рухтың тірегі» тақырыбында тренинг өткізді.

"Филология" бөлімінің оқытушысы Гейдарова Джейлан Болатқызы мұғалімдермен «Ата-ана – мақсат пен рухтың тірегі» тақырыбында тренинг өткізді.

2025-05-31

Шара барысында әлеуметтік роликтер көрсетілді, шығармашылық тапсырмалар орындалды. Бұл тренингтің мақсаты: педагог-кураторларға ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін көрсету.Оқытушылардың ата-анамен серіктестік қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, бірлескен жұмыс түрлерін жетілдіру. Тәрбие процесіндегі мұғалім мен ата-ана ынтымақтастығы – бұл баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында оқу орны мен отбасының бірлескен жұмысы.
Шеберлік сағатта өзара пікір алмасуға, жаңа білім алуға және тәжірибені ортақтастыруға үлкен мүмкіндік берілді.
Тренинг ынтымақтастықты нығайтуға, ашық диалог пен өзара түсіністік орнатуға септігін тигізді, үштік одақта мықты байланыс орнатып, бірлескен жұмысты нығайтуға барымызды салайық!