М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «ДЕМАЛЫС ЗЕРТХАНАСЫ: ЖАРҚЫН. ҚЫЗЫҚТЫ. ТАМАША» тақырыбындағы педагогикалық жасақтардың іс-тәжірибесі аясында "1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай кәсіптік тәжірибе жинақтау бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді.

Мақсаты – педагогикалық жасақтардың кәсіби қозғалысын дамыту, құзыреттілігін арттыру. Балаларды жазғы демалыс уақытында сауықтыру, демалу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру.

Педагогикалық жасақтар:
• «Болашақты жасайтын уақыт» отряд визиткаларын қорғау;
• «Қылқалам шебері» байқауы;
• «Road to Records!» спорттық эстафеталық жарыс;
• «Тоғызқұмалақ» ойыны;
• «Бестемше» ойыны;
• «Кел, шырқайық!» ән байқауы;
• «NeoMotion» заманауи би байқауларына қатысты.

Колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова машықтанушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілеп, жаңа жетістіктерге жетулеріне ниеттестік білдірді. Өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытқан білім алушыларға арнайы дипломдар табысталды. Әрбір педагогикалық жасақ мүшесі балалардың жазғы демалыстары қызықты өтуіне зор үлес қосады деп сенеміз. Жаңа Қазақстанның тірегі болар Сыр елінің жетістікті ұландарының қатары көбейе берсін! Бұл дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Балаларды қорғау күні құтты болсын!