1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

2025-09-01

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу жолындағы ұстаздар қауымының қажырлы еңбегіне сәттілік тілеп, жаңа оқу жылы жарқын істер мен жетістіктердің бастамасы болуына тілек білдіремін!
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі мен тәрбиесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Сапалы білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда мемлекет білім саласына қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасап келеді.
Көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр шәкірттеріміз көбейе берсін! Жаңа оқу жылы табыстарға жетелесін! Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға ғұмырын арнаған ұстаздық игі қызметтеріңізге табыс тілеймін! 
Ізгі ниетпен, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі директоры Жақсыгүл Қоханқызы Тоғанова