Оқу орнымызда 26 маусым - Дүниежүзілік нашақорлыққа күрес күніне орай «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ» тақырыбында эсселер байқауы өтті. Ғасыр індетінің зардабы, ел болашағына әсері, қоғамның дамуы мен жас ұрпақтың ертеңі үшін келтірер зиянын қамтыған жазба жұмысының сайысына 100-ге жуық колледж студенті белсене қатысты. Сайыс нәтижесінде өзіндік ой-пікірі мен көзқарастары, сауаттылығымен ерекше көзге түскен жұмыстар бойынша: ♦️ҚТ-Ж-20 тобының студенті Манап Саида - І орын ♦️ШТ-М-21 тобының студенті Аханаева Эльвира, МБ-В-21 тобының студенті Елемесова Мөлдір, ОТ-Р-21 тобының студенті Сайлаубай Көркем- ІІ орын ♦️ИИ-20 тобының студенті Жеткерген Дильназ, ОТ-Р-20к тобының студенті Иманбердиева Дина, ҚТ-Ж-21 тобының студенті Сыражатова Дариға - ІІІ орын иеленді. ♦️ОТ-Р-21 к тобының студенті Дулатбай Сүйінтай мен ОТ-Ш-20 тобының студенті Итен Шұғыла колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.