«Үздіктен үйрен» республикалық жобасы аясында «Үздік педагог-2025» конкурсының жеңімпазы Жүсіпова Гүлнұр Айдарқызы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағатын өткізді.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Үздіктен үйрен» республикалық жобасы аясында «Үздік педагог-2025» республикалық байқауының жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жүсіпова Гүлнұр Айдарқызының іс-тәжірибесінен шеберлік сыныбы болып өтті.
Шеберлік сыныптың мақсаты - колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігін, әдістемелік біліктілігін жетілдіру мақсатында өзара тәжірибе алмасу.
Гүлнұр Айдарқызы өзінің ОН5.1. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту әдістерін қолдану пәні бойынша «Қазақ тілі сабақтарында тыңдалым, айтылым дағдылары бойынша белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану» тақырыбындағы республикалық байқаудың ІІ кезеңінде өткен ашық сабағымен таныстырды. Сабақ барысында білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетіп, оқытудың қолайлы формаларын, құралдары мен әдістерін қолданды. оқытушыларға сабақ барысында заманауи білім беру технологияларын, ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.