Қазақ халқы қашанда өнер мен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені.
Әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан, эстрадалық музыканы ұлттық бояумен, бар нақышымен орындап, ән өнерінің табиғатына терең бойлаған дара тұлға Е.Хасанғалиевтің әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу, әндерін насихаттау, колледж оқытушыларының арасында өнерпаздар шығуына ықпал жасау және әнді нақышына келтіріп жеткізу қабілеттерін дамыту мақсатында «Өнер» бөлімінің ұйымдастыруымен колледж оқытушылары арасында «Екі жұлдыз» мега жобасы жоғары деңгейде өтті.
Әр бөлімнен 1 оқытушы «Өнер» бөлімінің оқытушыларымен жұп болып қатысты. Сайыста колледжіміздегі ең шығармашыл, жан жақты ұстаздарымыз бақтарын сынап, 1-кезең бойынша Ескендір Хасанғалиев әндері, 2-кезең бойынша еркін тақырыпта караокемен әндер орындады.
Күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптардың тартысты бәсеке нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орындар және номинациялармен марапатталды:
«Әкімшілік» намысын қолдап келген Тұрсынбай Қалқаман мен Ахметова Жансұлудың жұбы - І орын.
«Шетел тілі» бөлімі Балпан Асылзат пен Мұратова Ғазиза - ІІ орын.
«Информатика және Ақпараттық жүйе» бөлімі бойынша Құлманова Жеңіскүл мен Нарымбетова Шахарбану - ІІІ орын.
«Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі Керейбаева Шынар және Сейталиева Ботакөз - ІІІ орын.
«Бастауыш білім беру» бөлімінің намысын қолдап келіп отырған Серікбаева Қарлығаш пен Исабаева Зулфия – «Лирикалық жұп» номинациясымен;
«Филология» бөлімі Көптілеуова Ақгүл мен Айдарбек Гулсайран-«Креативті жұп» номинациясымен;
«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі бойынша Даутов Дулат пен Пернебекова Раушан -«Стильді жұп» номинациясымен марапатталды.
Өнерлерің өрге жүзсін, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт серік болсын, өнерпаз ұстаздар!