«Шетел тілі» бөліміне қарасты "English with pleasure" speaking club үйірмесінің жылдық жоспарына сәйкес «E-Factor: English» атты танымдық-шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.

«Шетел тілі» бөліміне қарасты "English with pleasure" speaking club үйірмесінің жылдық жоспарына сәйкес «E-Factor: English» атты танымдық-шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.

2025-12-24

Іс-шара әйгілі «Willy Wonka & the Chocolate Factory» хикаят желісімен өткізіліп, білім алушыларды қиял мен білім, өнер мен тіл тоғысқан ерекше атмосфераға жетеледі. Әр кезең тың идеяларға, креатив пен тілдік белсенділікке толы болды.
Сайыс барысында қатысушылар:
• командаларын шығармашылық тұрғыда таныстырып, өз ерекшеліктерін көрсетті;
• логикалық жұмбақтар мен грамматикалық тапсырмалар орындап, білім деңгейін дәлелдеді;
• қиялдан туған шоколад «өнертабыстарын» ағылшын тілінде сенімді түрде қорғады;
• Іdioms & Еxpressions арқылы тіл байлығын көрсетті;
• түрлі жанрда сахналық қойылым қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл сайыс студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өзіне деген сенімділігін нығайтып, шығармашылық әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік берді.
E-Factor: English — бұл жай ғана сайыс емес, бұл болашаққа бастар тілдік тәжірибе мен шабыт алаңы!
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және қолдау білдірген әріптестерге шынайы алғыс білдіреміз!