ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ «ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА АРМАН» атты жылдың қорытынды кеші өтті.

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ «ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА АРМАН» атты жылдың қорытынды кеші өтті.

2025-12-26

Жаңа үміт, жаңа тілек, жаңа арман,
Болашаққа бастап келер жыл алдан.
Құтты болсын, баршамызға жаңа жыл,
Берекенің бастауы боп таралған!
«Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен «ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА АРМАН» атты жылдың қорытындысы мен үздіктерді марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Мерекелік кеште колледж директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы жыл бойы атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталып, мерекемен құттықтады. Атқарылған жұмыстарды қорытындылап, облыстық, республикалық сайыстарда жеңімпаз атанған оқытушылар мен студенттерді, жыл үздіктерін, сонымен қатар 50 жас пен 60 жас мерейтой иелерін марапаттап, сый-сыяпаттарын табыстады.
Аяз ата мен Ақшақар келіп, кеш барысы ән мен биге жалғасты. Қызықты ойындар ойнатылды. Ұйымдастырушылар мен барлық бөлім ұстаздары өздерінің жаңаша образдарымен кеш көрігін қыздыра түсті.
Мерейлі мереке қарсаңында марапат төріне шыққан әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жылқы жылы да баршамызға жайлы жыл болсын, әр шаңыраққа жақсылық, молшылық, береке әкелсін. Игі армандарыңыз орындалып, ортамыз қуанышқа толсын!