Шаттыққа толы жаңа жыл – балалық күлкіге толы кеш!
«Шаттыққа толы жаңа жыл» атты ерекше ертеңгілік өтті. Ертегідей кештің шымылдығын колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы ашып, бүлдіршіндерге жүрекжарды құттықтауын арнады. Кеш бойы балалар ертегі кейіпкерлерінің әсерлі билерін, қызықты сахналық қойылымдарды тамашалап, шынайы жаңа жылдық атмосфераға бөленді. Аяз ата бүлдіршіндерге ерекше тосынсый жасап, сыйлықтарын Kaspi постамат арқылы табыстады. Бүлдіршіндер ән айтып, Санта Клаустармен бірге би билеп, шаттық пен күлкіге толы әсерлі сәттер сыйлады. Бұл мерекелік ертеңгілік — балалық шақтың ең әдемі естеліктерінің біріне айналды. Жаңа жыл баршаңызға қуаныш, береке және бақыт әкелсін!