Қызылорда облысының білім басқармасы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің арасында «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Аталған ой додасына колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Шернияз Жалғасбекұлы қатысып жүлделі І ОРЫН иеленді. Жастар жетекшісі сайыс ережесіне сай «Мансап» мектебінің мұғалімі Думан Набатпен бір фракцияда өнер көрсетіп, жеңіс төрінен көрінді. Айта кетейік, пікірсайыс турниріне аймағымыздың түкпір-түкпірінен тәжірибелі пікірсайысшылар қатысты. Барлығы 16 адамнан құралған 8 фракция тартысты ойын өрнегін көрсетті.