Батыр қыз атындағы білім ордасында «СЫР ЕЛІНІҢ ТҮЛЕГІМІЗ, ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТІРЕГІМІЗ!» атты колледж бітірушілеріне арналған диплом тапсыру кеші өтті. Екі күнге созылған шарада 8 мамандық, 13 біліктілік бойынша 408 студент маман құжатын иеленіп, жаңа өмірге жолдама алды. Салтанатты жиында Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ізімбетов, колледж директоры Ж.Тоғанова бітіруші студенттерге ақжолтай тілегін жолдап, диплом тапсырды. Әлеуметтік әріптестер атынан «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы Г.Ақпанбетова және Grand Master» бағдарламалау мектебінің құрылтайшысы А.Қуанышбаев бірқатар түлектерге жұмыс орнына жолдама ұсынды. Жарқын студенттік сәттер, мол мүмкіндіктер және колледж ұжымына сапалы білім мен тағылымды тәрбие үшін бітіруші түлектер атынан алғыс айтылып, ата-аналар зор ризашылық білдірді. Колледжде білім алумен қатар шығармашылық қабілетін көрсете білген, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, жетістіктер мен табыстарға жеткен бір топ бітіруші жастар колледж директорының «Алғысымен» марапатталды. Жылдың қорытынды шарасы әрі қарай шағын концерт және студент жастарға арналған шоу бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, оқу орны тарихының 90, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығымен тұстас келген Жаңа Қазақстан тарихындағы бүгінгі бітірушілер - колледждің 90-шы түлектері.