Талапкерлер екі кезеңнен тұратын емтиханда өз өнерлері мен дайындықтарын көрсетті. Олар: 1.«Хореографиялық қабілетін анықтау»; 2. «Орындаушылық шеберлік». Комиссия мүшелері талапкерлердің музыкалық ырғақты сезінуіне, би қимылдары мен қозғалысты музыкамен үйлесімді орындауына, дене пластикасының әсем қозғалысына, сюжетті би болған жағдайда, орындалып жатқан сахналық қойылымның мазмұнының ашылуына баса назар аударды. Барлық талапкерге сәттілік тілейміз!