ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ!

ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ!

2022-09-08

    М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай бекітілген жоспарға сәйкес «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты колледж парламентінің пікірталас алаңы өтті. Мақсаты - қатысушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін білдіру. Сондай-ақ тіл мәртебесін көтеру және пікірталас алаңында жан-жақты талқылау, шешу жолдарын қарастыру арқылы қоғамдық сананы рухани тұрғыдан жаңғырту, іс-тәжірибе алмасу болып табылады. Алаңда тіл жанашырлары, модератор колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ш. Жалғасбекұлы, спикерлер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А. Абасилов, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының орынбасары Ж. Мұхитқызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Б. Ахунов, №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Абатқызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы, Студенттік Парламент депутаты Д. Ақылбек өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Шара қатысушылары «Ақымет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси және ғылыми қызметінің Қызылорда кезеңі», «Ахмет Байтұрсынұлы – халық ауыз әдебиетінің зерттеушісі», «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің негізін қалаушы, өшпес жұлдыз», «Алаш көсемдері – рухани үйлестік», «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры» тақырыптары бойынша спикерлер арасында талқылаулар жүргізілді. Тіл жанашырлары ұйымдастырған вебинар өте мазмұнды, ауқымды деңгейде өткізілді.Пікірталас алаңы тұжырымды ой, салиқалы пікір айтылған жиын болып өтті.