2022 жылы 9 қыркүйек күні «Қала күні» мерекесін атап өтуге арналған бір айлық мерекелік шаралардың ашылуы «Қызылорда –жастар қаласы» атты орталық алаңда кеш өтті. «Қала күніне тарту ретінде» М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жастары «Сырдария сарыны» деген атаумен өнер көрсетіп, қала әкімі А. Шаменовтың марапаттауымен «Бас жүлде» иеленді. Мерекелік іс-шара – « Жастар карнавалы» деген атпен оқу орындары студенттерінің шеруімен басталды. Байқауға қала аумағындағы колледж және университет студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Марапаттау соңы мерекелік кешке ұласып, Жайдарманшылардың өнерімен қорытындыланып, көңілді кеш өткізілді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!