М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 1 курс студенттерінің ата-аналарымен онлайн жиын ұйымдастырылды. Апта басынан бастау алған бұл шара арнайы кестеге сай әр бөлім студенттерінің ата-аналарымен жүргізілді. Колледж әкімшігінің ұйымдастыруымен жасалған ата аналар жиналысына колледж директоры Ж. Тоғанова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Бахадүрова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Исаева, колледж инспекторы полиция аға лейтенанты Р. Жумадилдаев, әлеуметтік-педагог М. Қиынбаева, колледж психологтары Ж. Уалибекқызы мен Н. Жүрсінбек және бөлім меңгерушілері, топ жетекшілері қатысты. Бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Ж.Тоғанова ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде колледж басшысы жасөспірімдерді тәрбиелеуде бірлесе жұмыс жасауға шақырып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жауап берді. Сондай ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Бахадүрова 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығынан бастап оқу процесінің жүргізілу жүйесімен таныстырып өтті. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алушыларға сәттілік тіледі.Сонымен бірге студенттер үшін жүргізілетін тәрбие бағытындағы шаралар оқу процесімен қатар жүргізіліп, студент жастардың тәртібі, бос уақытын тиімді ұйымдастыру тақырыбына тоқталды. Колледж инспекторы аға лейтенант Р. Жумадилдаев студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында ата-аналардың қойған маңызды сұрақтарына жауап беріліп, пікір алысты.