Жаңа Қазақстан құндылықтарының маңызы

2022-09-16

    Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы мен М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Жаңа Қазақстан құндылықтарының маңызын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесуге ақпаратты түсіндіру тобының жетекшісі А. Т. Жұмабаев, саясаттанушы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Б. С. Усенбаев, «Қызылорда облыстық татар қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г. К. Гизатуллина, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. М. Исаева Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ш. Жалғасбекұлы және колледж ұстаздары қатысты. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысқан отырыста Қ. К. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан Халқына жолдауындағы мәселелер сөз етіліп, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Ақпаратты түсіндіру тобының жетекшісі А. Т. Жұмабаев мемлекеттің болашағын қамтитын маңызды мәселелерін атап, президент сайлауын қолдайтынын жеткізді. Жолдаудың басым бағыттары негізінен халықтың әлеуметтік, елдің экономикалық салаларын дамытуға арналғандықтан, барша кездесуге қатысушыларды Президент бастамасын қолдауға шақырды. Өңірлік татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина Жолдауда айтылған қағидаттарды жүзеге асыру үшін өз ұсынысын білдіріп, еліміз халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықта, татулықта, бірлікте өмір сүруі қажет екендігін тілге тиек етті. Еліміздің тәуелсіздік дәуірінің алғашқы кезеңінде дүниеге келген Ассамблеяны ерекше әлеуметтік институт деп есептеп, маңызды құндылықтарды бекітуге, насихаттауға шынайы атсалысып жүргенін жеткізді. Сөз соңында барша халықты ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру жолында бірлікте болуға, Президентіміз жолдаған «Жаңа Қазақстанды» құруда бар күшімізді, кәсіби біліктілігімізді ел мүддесіне жұмсауға шақырды.