Жас келсе, іске

Жас келсе, іске

2022-09-16

    М. Мәметова Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жас келсе, іске» тақырыбында жас мамандарға арналған семинар ұйымдастырылды. Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Дана Ділдәбекқызы, колледж әдіскері Г. Башарова жас мамандарды оқу-жоспарлау құжаттамасын жасау талаптары мен ережелерімен, оқыту әдістемесінің мазмұнымен, студенттер қызметін ұйымдастыру түрлерімен таныстырды. Әдістемелік кабинет меңгерушісі М. Меңдібаева жас маман мектебінің мақсаты мен міндетін таныстырып, сабақ процесі, оған қойылатын талаптар, сабақ мазмұны, типологиясы және бейнесабақтар түсіруге әдістемелік нұсқау мен педагогтарды аттестаттау ережесі туралы жан-жақты ақпарат берді. Арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет екені рас. Семинар аясында «Алғашқы әсерім...» атты жас мамандардың өз эмоциясын басқару және кәсіби бейімделуін психологиялық қолдау мақсатында колледж психологы Н. Жүрсінбек семинар-тренинг жүргізді. Семинарымыз «Вавилон мұнарасы», «Өрмекші торы» деп аталатын жаттығулармен қорытындыланды. Шара соңында жұмыс бағыттары бойынша жадынамалар таратылып, жас мамандар бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.