Бүгін «Sanaly urpaq» ұйымының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында шаралар жүргізілді. Білім беру мақсатында арнайы үнпарақтар таратылып, әр бөлім бойынша оқытушылар мен студенттерге ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты - ақпараттандыру барысында сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және әділеттік пен тұрақтылық принциптерін қамтамасыз ететін колледж студенттерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл–әрбір азаматтың міндеті!