Экскурсия

Экскурсия

2022-09-22

    Батыр қыз атындағы білім ордасында бекітілген жоспарға сәйкес колледж базасында 1 курс студенттеріне арналған экскурсия жұмысы ұйымдастырылды. Аталған шарада Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдық және ұлағат ұясының 90 жылдық мерейтойы аясында жаңартылған «Білім нұры» педагогикалық сабақтастық галереясын, «Заманауи педагогикалық концепция: креативті идея. Инновациялық тәжірибе, жетістіктер шыңы» және «Ерлік» залдарын таныстыру жұмысы бастау алды. Апта бойы таныстырылатын көрменің мақсаты – колледжіміздің қалыптасу және даму тарихын түсіндіру. Сонымен қатар қол жеткізген жетістіктерін баяндау арқылы тарихымызды сақтау және зерделеу. Таныстыру барысында колледждің өткені мен бүгіні, жетістіктері мен қол жеткізген табыстары және жұлдызды түлектері жайында толығырақ мағлұмат берілді.