Музей сабақтары жобасы

Музей сабақтары жобасы

2022-09-23

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Музей сабақтары» жобасы аясында 1 курс білім алушыларын өлке тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат сабақтары ұйымдастырылды. Мақсаты– білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушылары Б.Е.Жұмаділдаева «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлім білім алушыларын, Л.Қ.Ахметова «Мектепке дейінгі бөлім», Ж.Қ.Қонысов «Бастауыш білім беру» бөлімін, А.Дастан мен Г.М.Құлманова «Шетел тілі» бөлімінің студенттеріне жетекшілік етіп, музей мұраларымен таныстырды. Оқу жылы басында білім ордасының жыл сайын 1 курс студенттерін музейге апарып, ондағы экспозициялық залдарымен таныстыру дәстүрге айналған. Студенттер музейдің табиғат, археологиялық, Ұлы Отан соғысы, ауылшаруашылығы, мәдени залдардағы құнды жәдігерлермен танысып, өлкеміздің тарихи тұлғалары жайлы мағлұматтар алды. Музей экспонаттарымен танысу арқылы олардың тек тарихи-танымдық түсініктері ғана емес, туған топырағына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктері де қалыптасты.