ЖАҢА ТАЛАПТАР, ЖАҢА МҮМКІНДІК!

ЖАҢА ТАЛАПТАР, ЖАҢА МҮМКІНДІК!

2022-09-23

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Жастар денсаулық орталығы» КММ-сі, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» және «Қызылорда студенттер Альянсы», «Golden Kazakhstan» жастар ұйымдарының қатысуымен бекітілген жоспарға сәйкес «Жаңа талаптар, жаңа мүмкіндік» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті. Осы орайда «Қызылорда облысының студенттер Альянсының» жетекшісі Сабыржан Қуандық, «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубының Әкімжан Төлебай, «Golden Qazaqstan» ҚБ жетекшісі Бақытбек Кенжебек , «Жастар денсаулық орталығының» валеолог маманы Айман Құлмұратова, Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бейбітжан Қабланов қатысты. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастар ұйымдарының маңыздылығы зор. Сол себепті аталмыш кездесуде жиын қонақтары облыстық «Жастар ресурстық орталығы» туралы жан-жақты мәлімет беріп, аталған ұйымдардың мақсаты мен міндеті жайлы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ қоғамда өзіндік пікір қалыптастыру, жастарға беріліп жатқан жаңа мүмкіндіктер турасында сөз қозғалды. Шара соңында студенттер сала мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Алдағы уақытта осындай еркін форматтағы кездесулер жалғасын табатын болады.