Бүгін ағымдағы жоспарға сәйкес М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Филология», «Өнер», «Шетел тілі», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімдерінің ер балалары үшін жиналыс болып өтті

Бүгін ағымдағы жоспарға сәйкес М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Филология», «Өнер», «Шетел тілі», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімдерінің ер балалары үшін жиналыс болып өтті

2022-09-24

    Бүгін ағымдағы жоспарға сәйкес М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Филология», «Өнер», «Шетел тілі», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімдерінің ер балалары үшін жиналыс болып өтті. Жиналысқа колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева, ұйымдастырушы-педагог Ж.У.Тютебаева, Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмаділдаев, БӘжТД бойынша оқытушы, ұйымдастырушы О.Ж.Ембергенов, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы, сонымен қатар бөлім меңгерушілері, топ жетекшілері және бөлімдегі ер балалар қатысты. Жиын барысында колледждің ішкі және сыртқы ережелерімен таныстырып өтіп, ер балалар арасындағы зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын ұстану насихатталды. Сондай-ақ ұл балалар арасындағы әр-түрлі қылмыстың алдын алуға бағытталған шынайы өмірден алынған видеороликтер көрсетіліп, оқушыларды әлеуметтік желілердегі қылмысқа итермелейтін түрлі сайттардан, топтардан мейлінше аулақ болуды, өз уақыттарын тек пайдалы дүниеге жұмсап, ата-атаналарының сенімін ақтауға, жақсы оқып, білім алып талпынуға шақырды.