FAN DEBAT

FAN DEBAT

2022-09-26

    «Шаңырақ» дебат клубының ұйымдастырумен «Б.П. Махаббатта қыздарға қарағанда жігіттердің сезімі күшті деп есептейді» тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті.  Үкімет тарапынан «Пед хаус» фракциясы қатысты. Бірінші спикер – Ақгүлім Берікқызы, оның әріптесі колледж белсендісі – Аяулым Ерланқызы. Ал үкімет тарапына қарсы ойнаған оппозициялық «Шаңырақ» фракциясы. Бірінші спикері – Бекзатхан Маханбет. Екінші спикер – Ерсін Сәндібеков. Пікірталас барысында махаббат, адалдық, мейірімділік,кіршіксіз сезім т.б ұғымдар қарастырылды. Әр спикер өз міндетін дұрыс атқара алып, төрешілердің шешімімен достық жеңіске жетті. Дебат соңында Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш. Жалғасбекұлы «Шаңырақ» дебат клубының жаңа мүшелеріне түсіндірме тренинг өткізді. Көрермендер ойын барысында махаббат құндылықтары туралы ойланып, өз іс-әрекеттерін бағалауға бүгінгі тақырып түрткі болғандығын атап өтті. Дебат сайысы жан-жақты ой-өрісті кеңейтіп, шешендік өнерге баулып, шығармашылық қабілеттің дамуына әкелетініне сенімдіміз.