МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

2022-09-27

    Бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Мейірімділік әлемді құтқарады»қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара барысында жанашыр жастар бас қосқан қайырымдылық акциясында студент қыздар пісірген тәттілер мен тоқаштар сатылымға қойылды. Қайырымдылық жәрмеңкесіне білім ордасының ұжымы үлкен белсенділікпен ат салысып, үлгілі іске өз үлестерін қосты. Аталмыш жәрмеңкеден түскен қаражат алдағы уақытта қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,– дейді дана халқымыз. Жақсылыққа бағытталып, жан жылуына арналған қайырымдылық шарасының студент жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Осы орайда, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жастардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.