ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ СЫЙЛА!

ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ СЫЙЛА!

2022-09-27

    «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы өткізілді. Шараға білім ордасының директоры Ж.К.Тоғанова, директордың орынбасарлары және бөлім меңгерушілері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға-буын оқытушылар арасындағы байланысты нығайтып, кітапқа деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттырып, олармен рухани азық алмасу. Сонымен қатар кітап алмасып, оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Буккросинг аясында алғашқы кітабын сыйлау үшін колледж директоры Жақсыгүл Коханқызы сөз алып, «Білім шамшырағы» атты кітабын насихаттап ұсынып, естелікке сыйға тартты. Сонымен қатар еркін форматта өткізілген жиында ұстаздарымыз өздерінің оқыған қызық және өмірлік тәрбиесі мол кітаптарымен бөлісіп, оларды таңдаудағы мақсаты және бала тәрбиесіндегі маңызы жайлы әңгімеледі. Шара соңында ұстаздар арасында көптеген жақсы естеліктер айтылып, жеке кітапханаларынан әр түрлі жанрдағы сүйікті кітаптары мен журналдарын әдістемелік кабинеттегі арнайы сөреге орналастырды.