Абиева Гульжайна Утепбергеновна
Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»-деген сөз, бірегей тұлға ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдіреді. Шындығында,ұстаз болу неткен бақыт десеңізші!… Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы-жақсы тәрбиеленген адам.
Ал жақсы тәрбиені беретін-Ұстаз. Оған тағы да бір дәлел: М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы шебер педагог Гүлжайна Абиева Өтепбергенқызы. Студенттерге дәріс берген күннен бастап әрбір топтағы студенттердің білімін толықтыра отырып, оны ілгері дамытуда сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруда өз ісінің шебері атануға тырысып келеді. Өз ісін жетік білетін, оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті, тәжірибелі, шығармашыл маман атануды өзінің кәсіби мақсаты етіп алды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұжымдағы әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болуды басты міндеті деп санайды. Ұстаз «Колледж білімгерлерінің кәсіби сапасын арттыру мақсатында оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану» атты тақырыпта жас мамандарды даярлау, біліктіліктерін арттыруда шығармашылық жұмысын жүргізуде. .
Оқытушының жетістігі білім алушының білім сапасынан көрінеді.
Осы орайда Гүлжайна Өтепбергенқызы Ғылыми-теориялық жұмыстар бағыты бойынша әр түрлі деңгейдегі (халықаралық, республикалық, облыстық) ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен педагогикалық оқуларға қатысып тәжірибе алмасып, нәтижесінде баяндамалары жинаққа енді.
«2016 жылдың Үздік педагогы» конкурсының жеңімпазы
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Президентінің 2021 жылғы
12 наурыздағы №27-П бұйрығына сәйкес штаттан тыс тренері
2022жылы «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген үздік авторлық бағдарламасы конкурсының қатысушысы
Авторлық-креативті жұмыстар бағыты бойынша көмекші оқу құралдарын, авторлық бағдарламалар дайындады. Ол үшін өзі сабақ беретін пәндер бойынша туындаған қажеттіліктерді негізге алып отырды. Сонымен бірге 2022-2023 оқу жылында педагогикалық колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттеріне арналған «Педагог -тағылымдамашы» біліктілігі санатына колледж студенттерін дайындау жолдары» тақырыбында авторлық бағдарлама дайындап, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.
«Жаңа педагогикалық технологиялар», «Тәрбие жұмысының әдістемесі»,«Оқытудың белсенді әдістері» атты көмекші құралдары шығарылды.
Жұмыс топтарына немесе сараптамалық кеңестерге немесе конкурстық комиссияларға қазылар алқасына қатысу оқытушының әдістемелік біліктілігін жетілдіріп, тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Мысалы:
«WorldSkills Kazakhstan 2021» атты VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша эксперт.
«Ұлттық тестілеу орталығы»РМҚК. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест жұмыстарына сарапшы
Қазіргі таңда Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Гүлжайна Абиева Өтепбергенқызы білім беру саласында елеулі еңбек етіп, ұлағатты ұстаз болып қалыптасты.