Шетел тілі

Шетел тілі

bolym
Мендибаева Мулдир Болатбековна
Бөлім меңгерушісі
mendibaeva.moldir@mail.ru

Бөлім туралы жалпы мәлімет

Шетел тілі

  • Мамандығы: 0111000 - «Негізгі орта білім беру»
    Біліктілігі: 0111083 - Шетел тілі мұғалімі
  • Мамандығы : 01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
    Біліктілігі: 4S01140605 – Шетел тілі мұғалімі

Кадрлар әлеуеті

  • Педагог сарапшы - 2
  • Педагог модератор - 4
  • Педагог- 4
  • Жоғары -3
  • Педагог - 6
  • І санатты -3
  • ІІ санат-1

Бөлімдегі басым бағыттар

  • Бітіруші курс ШТ-Д-19,ШТД-19к тобы студенттерін Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Ұлттық біліктілік тестілеуге 100% қатыстыру, дайындық жұмыстарын күшейту, ЖОО-на түсу, жұмысқа орналасу көрсеткішін арттыру;
  • «College SmartNation» электронды платформасымен жұмыстарды үйлестіру;
  • Цифрландырылған басқару жүйесін оқу-тәрбие процесінде қолдану ауқымын кеңейту;
  • Оқу процесінде модульдік-құзыреттілік білім беру бағдарламаларын қолдану;
  • Білім сапасын диагностикалау; оқытудың әдістемелік жүйесін жаңғырту; білім сапасын бағалаудың тиімді формаларын қолдану; білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді жаңа технологияларды қолдану арқылы студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейту:
  • Студенттердің оқу сауаттылығын арттыру мақсатында 2022 жылғы 02 мамырдағы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру
  • Білім алушылардың спорттық, шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында бұқаралық спортты дамыту, спорт секциялары жұмысын жаңа сапаға көтеру, білім алушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру
  • Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мақсатында шығармашылық әлеуетін ашуға және эстетикалық талғамын дарытуға,білім сапасын жоғарлатуға ықпал ететін ағылшын тіліндегі үйірмелерге қатыстыру
  • «Development Day» студенттерінің даму күндерін ұйымдастыр
  • Студенттерді әр түрлі конкурстарға (ІТ-шешімдерді дамыту жөніндегі Hackathon идеялар конкурсы, «Гүлденебер, Қазақстан!», «Колледждердің үздік 100 студенті»", «Мен – кәсіпкермін», «Жас турист» Гранд турнирі) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға тарту.
  • Болашақ мамандар үшін “FLEX”, «Spelling Bee»“Тілдарын” «Тіл білгірлері», «Ой- сана» атты олимпиада, конкурстарды т.б өткізу ережелеріне сәйкес құзыреттілік бойынша жарыстарға қатысу үшін осы кәсіби дағдыларды меңгерудің тиімді жолдарын анықтау
  • Ұлттық жоба шеңберінде «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кабинетін заманауи жабдықтармен жарақтандыру
  • «Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық,қалалық (Зияткер -2023)олимпиадалар мен ғылыми жобалар ұйымдастыру
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізу;
  • «Жастар KZ» жобасы аясында белсенді жастар ортасын қалыптастыру;
  • Бөлім студенттерін әлеуметтік-тұлғалық және психологиялық бейімдеу жұмыстарын жетілдіру;
  • Бітіруші курс ШТ-Д-19,ШТД-19к тобы студенттерін Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Ұлттық біліктілік тестілеуге 100% қатыстыру, дайындық жұмыстарын күшейту, ЖОО-на түсу, жұмысқа орналасу көрсеткішін арттыру;

Жетістіктер

  • ШТ-Д-20 тобы студенті Жақсылық А- «Үздік 100 студент» республикалық сайысының жеңімпазы
  • «Күзгі балл-2022» колледжішілік сайысының нәтижесінде «Шетел тілі» бөлімінің студенттері Күз ханшайымы және ханзадасы -2022
  • Азия кубогінде классика түрінен 2 орын Көкшетау, 2022 жыл
  • ҚР әйелдер арасындағы командалық чемпионатында 3 орын Ақтөбе, 2022 жыл
  • Азия чемпионаты 19 жас қыздар арасында блиц түрінен 2 орын, рапид түрінен ІІІ орын Ақтөбе, 2022 жыл
  • ШТ-Д-20 тобы, Амир Бекзат - Тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында классика түрінен І орын, рапид түрінен ІІІ орын иегері. Астана, 2022 жыл
  • Бөлім студенттері «Интеллект» білім және ғылым орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында өткен «Ұлы дала баласы» Республикалық пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінен І орынды иеленді
  • Облыстық «Ақмешіт жастары» газетіне Өмірзақ Қарақат мақала жариялап жарық көрді - 16.12.2022ж
  • «Ұстаз тілегі» облыстық газетіне Жақсылық Ақбөпе мақала жариялап, жарық көрді -2022 ж
  • «Ізденіс» республикалық журналына 10 студент, Білім айнасы республикалық журналына 12 студент, «Білімге бағыт» республикалық журналына 10 студент мақалаларын жазып жарық көрді.16.12.2022 ж/ №16 (401)28.04.2022 ж
  • «Қазақстан бейнесі» республикалық журналына 10 студент мақалаларын жазып, жарық көрді- ISBN 978-601-193-48-2
  • Республикалық «Intelligence » журналына 10 студент мақалаларын жазып жарық көрді №154(15.03.2022ж) №16437
  • "Парасатты ұрпақ-ел болашағы" облыстық байқауда І орынды иеленді
  • Қалалық "Жас ғалым- қызықты тәжірибелер" физикалық тәжірибелер сайысында І орын иегері
  • Облыстық "Білімді адам - жеңімпаз адам" математика пәнінен олимпиадада І орын иегері
  • Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бөлімаралық сайыста «Шетел тілі» бөлімі І орынды иеленді
  • М.Мәметованың 100 жылдығы, оқу орнының 90 жылдығы мерейтойына орай «Manshuk IT hub» орталығы ұйымдастыруымен 16-23 сәуір аралығында өткізілген киберспорттың Counter-Strike 1.6 ойыны түрінен «Manshuk CUP» турнирінде«Шетел тілі» бөлімінің «Djay» командасы 2-орынды иеленді
  • «17 қараша- Студенттер күні» мерекесі аясында жайдарман ойындарынан ұйымдастырылған директор кубогі сайысына белсенді қатысып, келесі кезеңге жолдама жеңіп алған «Lions» құрамасы 2 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды,2022ж
  • М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне ұйымдастырылған «Күзгі бал-2022» байқауында «Шетел тілі» бөлімі студенттері «Күз ханшайымы» сайысының І орын жеңімпазы
  • Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастыруымен «Лингвистика және шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» ІІ республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға 27 студент қатысып,сертификат иеленді .
  • ШТ-Д-21 тобы студенті Сақтағанова А - Облыстық оқу орталығы мен «Болашақ» университеті жоғары колледжі бірлескен «Ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие- ұстаздан» атты апталық аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» атты облыстық колледж білім алушылары арасында өткізілген ақындар мүшайрасында ерекше дарынымен көзге түсіп, Бас жүлде иеленді 2022
  • ШТМ-21- тобы студенті Аханаева Эльвира Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен өткізген «Жаңа жылға тілек» тақырыбындағы байқаудан жеңіп 50.000 теңге жүлдеге ие болды.
  • ШТ-Д-21 тобы студенті - Сақтағанова А «Үздік 20 студент» облыстық сайысы жеңімпазы
  • ШТМ-20тобы студенті-Сембиева Н «Үздік 20 студент» облыстық сайысы жеңімпазы
  • Ақтөбе қаласындағы Облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен дарынды жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және білімі, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке жеткен үздік колледж студенттерін дәріптеу мақсатында өткізілген «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2023» республикалық байқауында ШТ-М-21 оқу тобының студенті АХАНАЕВА ЭЛЬВИРА I орын иегері атанды.
  • Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «Тілдарын – 2023 » атты облыстық байқауында ШТ-Д-20 оқу тобының студенті Абдикамал Жанел ІІІ орын иегері атанды. Колледжішілік “Педагогикалық дебют - 2024” тақырыбындағы жас мамандар арасында өткізілген жас мамандардың кәсіби байқауында “Шетел тілі” бөлімінің оқытушысы Сабырова Гүлзинат Бақытжанқызы жүлделі ІІ орын иегері атанды. Колледжішілік “Үздік жалпы білім оқытушысы - 2023” кәсіби байқауында “Шетел тілі” бөлімінің оқытушысы Шалабаева Маркен Сериковна жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
  • “Шетел тілі” бөлімінің оқытушылары С. Ибрагимова, Б.Әбіл, Е.Еркіннің бастамасымен “Цифрлық білім беру” пәні бойынша қолданылатын оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.
  • Колледжішілік “Үздік машықтанушы - 2023” кәсіби шеберлік байқауында ШТ-М-20 оқу тобының студенті Сәнібек Айгерім Ғанибекқызы жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
  • "Жастар Рухы" Жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай студент жастар арасында ұйымдастырылған "Bilip al, Bilim al" интеллектуалды ойынында жеке дараланып “Мәншүк жастары” командасы III - орын иеленді. Команда құрамында ШТ-Д-22 және ШТ-Д-22к оқу топтарының студенттері болды.
  • "TRANSFUNCTIONAL TEACHER'S ROLES TO EDUCATE A SMART STUDENT" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ “Шетел тілі” бөлімінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Transfunctional Teacher's Roles to Educate a Smart Student" тақырыбындағы Облыстық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясымен бірге республикалық ағылшын тілі оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасу форматында семинар өткізілді. 🔹 Мақсаты: •Ағылшын тілі пәні оқытушылары арасындағы әріптестік қатынастарды дамыта отырып, тәжірибе алмасуда жаңашылдықты қалыптастыру. •Білім алушылардың шығармашылық, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілінде ойларын, пікірлерін еркін айта алуға үйрететін жаңа әдіс-тәсілдерді таныстырып, әріптестермен бөлісу. 🔹 Семинарға АҚШ, Эльбертон Джорджия қаласынан келген оқытушы, "Fulbright" бағдарламасының стипендианты, Анна Кубас, Қызылорда облысы бойынша ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының мүшелері және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы, колледжіміздің "Шетел тілі" бөлімінің оқытушылары мен 4 курс білім алушылары сонымен қатар онлайн Zoom платформасы арқылы Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларының колледж және мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

База практикасы

  • Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп
  • К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп
  • С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейі
  • А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
  • Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей
  • М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейі
  • Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия
  • №212 мектеп-гимназия
  • М.Сужиков атындағы №6 орта мектеп
  • Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп
  • С.Лапин атындағы №261 орта мектеп
  • Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей
  • «Зерде» мектебі жеке жалпы білім беру мекемесі
  • Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технология мектеп-лицейі
  • Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • №253 орта мектеп
  • С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі
  • №9,10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты
  • Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі
  • Абылай хан атындағы №140 орта мектеп
  • И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей
  • І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық технология мектеп-лицейі
  • Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей
  • №257 орта мектеп
  • Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектеп
  • Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектеп
  • Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектеп
  • Б.Момынбаев атындағы №278 ақпараттық технология мектеп-лицейі
  • Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей
  • №176 орта мектеп
  • Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия
  • Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектеп
  • М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі