«PEDSTART» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«PEDSTART» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2022-11-17

    16 қараша күні Облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру саласының жаңа тенденциялары: жаңа бағыт, жаңа формат, жаңаша көзқарас» атты апталық аясында «PedSTART педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – мектепке дейінгі ғылым саласындағы талантты жастарды анықтау, болашақ мамандарды даярлау сапасын жетілдіру, студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, кәсіптік және арнайы әдістеме пәндерін терең меңгеру, зерттеу, тәрбиешілік және инновациялық қызмет үшін әлеуетті кадрларды қалыптастыру мақсатында өткізілді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысып, сайыста 6 команда бақ сынады. Олимпиадаға «Қызылорда гуманитарлық – экономикалық» колледжінен «Күн нұры» командасы, «Болашақ» университетінің жоғары колледжінен «NonStop» командасы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен «Креативті жұп», «Lider, Прогресс», «Reaching stars» командалары қатысты. Сондай-ақ, олимпиада төмендегідей кезеңдерден тұрды: 1. Тест тапсырмасы (Мектепке дейінгі педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесінен) 2. «Командалар шеруі» визит карточкасы 3. Үздік панорамалық ұйымдастырылған іс-әрекет 4. «Бала-балабақша және отбасы» ата-аналармен және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу 5. «Менің үздік тәжірибем» практикалық байқауы Олимпиадаға «Ертөстік» және «Бегім ана» мектепке дейінгі ұйымдардан озат тәжірибелі мамандар төрелік жасады. Нәтижесінде «Креативті жұп» І дәрежелі, «NonStop» ІІ дәрежелі, «Reaching stars» ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.