М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Шараға Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті қызметкерлері Б.Т.Орданова, М.Т.Оралбаева, Мейрамгүл Дауылбайқызы және «Әлеуметтік-экономикалық пәндер ПЦК-сы» оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиынның мақсаты– әр адамның бойында қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік деген түсініктерге салмақты көзқарас қалыптастыру, өзінің қаржысына өзі ғана иелік ететін сенімділік беру, түрлі алаяқтықтарға ұрынып қалу тәуекелін азайту. Білім ордасының студенттеріне әр адамның бойында қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік деген түсініктерге салмақты көзқарас және өзінің қаржысына өзі ғана иелік ететін сенімділік болу мақсаты түсіндірілді. Сондай-ақ, агенттіктің қызметі туралы бейнеүзінді көрсетіліп, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдарының Академиясына қабылдану тәртібі түсіндірілді. Түрлі ақпараттарды қамтыған жиын соңында мамандарға студенттер тарапынан түрлі сауалдар жолданып, нақты жауаптар берілді.