«ТЕҢДІК УАҚЫТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«ТЕҢДІК УАҚЫТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ.

2022-11-28

    Қызылорда облысы білім басқармасы, облыс әкімі, облыс прокуроры, облыстық полиция департаменті бастығымен бекітілген «Қызылорда облысының 2022 жылға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына» сәйкес М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 1 курс студенттері арасында ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Теңдік уақыты » тақырыбында сала мамандарының қатысуымен денсаулық сағаты өткізілді. Шараға Қызылорда облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың эпидемиологы Г.Р. Жоламанова, эпидемиолог дәрігер көмекшісі Қ.Қ.Бекова, колледж медбикесі Г.М.Айжанова, колледж психологтары Ж.Уалибекқызы мен Н.Жүрсінбек және топ студенттері қатысты. Күн тәртібінде сала мамандары ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіріп, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгертіп және зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар, білім алушыларға ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана сезімдерін тәрбиелеп және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершілігін орнықтыру барысы түсіндірілді. Шара барысында АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу жөніндегі ақпараттар беріліп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Семинар соңында колледж студенттерімен қойылған сұрақтарға жауап беріліп, семинар соңында қатысушыларға ақпараттық- білім беру материалдары таратылды, сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары жайында ақпараттар берілді.