Цифрлық сауаттылық

Цифрлық сауаттылық

2022-12-08

    Желтоқсан айының 8 жұлдызында колледжіміздің жас маман оқытушылары І.Нұртаза мен Н.Жұманның ұйымдастыруымен «Цифрлық сауаттылық» тақырыбындағы колледждің 1 курс студенттері арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты – әртүрлі білім беру саласының жетістіктерін арттыру жолдарын және ғылыми білім беру әдістерін жетілдіру. Еліміздің индустриалды–инновациялық дамуына бейімді пәндерді оқытудың ықпалын анықтау. Дарынды, қабілетті, сауатты әрі жылдам білім алушыларды айқындау. Студенттердің цифрлық білімдерін жетілдіру.  Байқауды колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ф.О.Абжаппаров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Төрт кезеңнен тұратын сайысқа 7 бөлімнен 16 студент қатысып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын ортаға салды. Сайыс кезеңдері: 1. Wordwall платформасы арқылы викториналық сұрақтар 2. «Өзіңді сынап көр» кезеңі 3. Полиглот кезеңі 4. Берілген тақырыптарға байланысты слайд немесе видеоролик жасау: «Тәуелсіздік-тұғырым», «Мамандығым – мақтанышым», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Мәншүк батыр қыз», «Жаңа ақпараттық технологиялар». Сайысқа әділ-қазылық еткендер: 1. Ф.О.Абжаппаров - Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары 2. А.Б. Рахымжан - Оқу бөлімінің меңгерушісі 3. М.А. Болатбеков – Оқу, құрал-жабдықтар бойынша инженер Сайыс қорытындысы бойынша: І орын - «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімі ДТ-Ф-22к оқу тобының студенті Асылбек Жасұлан, ІІ орын - «Өнер» бөлімі КЕ-22 оқу тобының студенті Әмір Айзат, ІІІ орын - «Шет тілі» бөлімі ШТ-Г-22 оқу тобының студенті Сәрсенбайқызы Жансая иеленді. Ерекше көзге түскені үшін ШТ-Д-22 оқу тобының студенті Қайыржанқызы Гүлнар «Полиглот» номинациясымен және ИИ-22 оқу тобының студенті Мұхтар Тұрсынбай «Креатив» номинациясымен марапатталып, жүлделі және ақшалай ынталандыру сыйлықтары берілді. Қалған белсенді қатысқан барлық студенттерге сертификат табысталды.