ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

2022-12-14

    «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сының «Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру» тақырыбындағы апталығы аясында «9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай Парасаттылық мектебі мен «Sanaly urpaq» ұйымының ұйымдастыруымен «ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында бөлімаралық байқау өткізілді. Шараға Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Превенция басқармасының бас маманы Қозыбағарова Жанар Жалғасбайқызы, Парасаттылық мектебінің жетекшісі Лаура Ахметова қазылық етті. Сондай-ақ, шара барысында «Sanaly urpaq» ұйымының белсенді мүшесі Нұркелді Өтепберген өз шығармашылығынан өлең оқыды. Байқаудың мақсаты - білім алушылар арасында Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. Жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Жеңімпаздар комиссия құрамы шешімімен анықталып, байқауға қатысушылар дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.