Оқу орнымызда «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Оқу орнымызда «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2022-04-22

Оқу орнымызда «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Шараға   Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Алия Садвакасова және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің 1 курс студенттері қатысты.
МАҚСАТЫ - қатерлі АИТВ/ЖИТС дертінің алдын-алу, оның жұғу жолдарын одан сақтану, қорғану  туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және студентерді жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,  елжандылыққа тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге  ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Алия Садвакасова және колледж мейірбикесі Гүлжахан Айжанова  презентация, видеороликтер көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ білім алушылар тарапынан түскен бірқатар сауалдарға жауап берді.