АРМАНЫҢА АНЫҚ БАС!

АРМАНЫҢА АНЫҚ БАС!

2023-01-18

    Білім ордасында  бітіруші 4 курс студенттердің қатысуымен Алматы қаласында орналасқан Сүлеймен Демирелі университетіне шақыру, оқуға түсу жолдарын түсіндіру бойынша  «Арманыңа анық бас» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу мақсаты – бітіруші түлектерге болашақ кәсібін және білім алу саласын таңдауда көмек көрсетіп бағдар беру.

    Түсіндірме жұмыстарын колледжіміздің 2020 жылғы түлектері, Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирелі университетінің 4 курс студенттері  Серік Аружан мен Қабылбек Мауыты жүргізді. Айта кетейік, университет ректорының атынан білімге құштар түлектерді тәрбиелегені үшін колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызына «Алғыс хат» табысталды.

    Кездесу барысында жоғарғы оқу орнының оқу жағдайы, білім беру гранттары, оқу ақысы, қосымша білім алу мүмкіндігі, шет елдермен студент алмасу бағдарламалары жайында толыққанды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жадыра Орманқызы ҰБТ-ның жаңа форматындағы өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу соңында бітіруші түлектер көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, бірнеше қосымша мәліметтер берілді.