ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ

2023-01-18

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы А.Б.Ережепова бітіруші түлектерімен -Жастар практикасы -Алғашқы жұмыс орны -Ұрпақтар келісім - шарты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалары туралы ақпаратпен бөлісті.

    Колледждің бүгінгі ұстанымы – білім алушыларды мектепте өтетін  педагогикалық практикаға жаңартылған білім беру  мазмұнының мақсат –  талаптарына сәйкес жан –жақты кәсіби даярлықпен жіберу. Осы орайда семинардың мақсаты – білім ордасында колледж түлектерімен нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру және кеңес алу.

    Айта кететін жайт, жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлердегі де бос жұмыс орындары да ұсынылды.

    Директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Жадыра Орманқызы enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері жайында кеңес берді.

    Кездесу соңында даярланушы мамандар аталған тақырып бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сұрақтарына толыққанды жауап алды.