РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ. ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ. ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ

2023-01-19

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Репродуктивті денсаулық. Отбасын жоспарлау» тақырыбында  сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.

    Шараға Облыстық жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері Г.Ж.Ибраева, Облыстық жастар денсаулық орталығының  психолог маманы А.Құлмырзаева, Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Г.Алмурзаева, колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс, колледж психологы Н.Жүрсінбек және бөлім студенттері мен топ жетекшілері қатысты. ????Мақсаты:  жастар арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу, қыз балаларда кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу, мамандар кеңесін тыңдау.

    Шара барысында студенттерге «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты баяндама оқылып, отбасын жоспарлауға байланысты маман пікірі тыңдалды.

    Облыстық жастар орталығының валеологы Г.Алмурзаева, колледж медбикесі Г.Айжанова қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі  келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамау қажеттігін айта кетіп, тақырып төңірегінде жан-жақты кеңестер берді. Сонымен қатар, шараға қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында колледж психологы Н.Жүрсінбек семинар-тренинг жүргізді.

    Қатысушы бойжеткендер көкейлерінде жүрген жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.