«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханада « BOOK Slam» - өзіндік кітап жарысы өткізілді. Кітапты ілгерілетудің бұл түрін балалар мен жасөспірімдер кітабын зерттеумен шұғылданатын филология докторы Стефани Джентгенс ойлап тапқан.
«Өзім оқыған ең қызықты кітап» тақырыбы аясында іс – шараға барлық бөлімнің оқуға құштар студенттері қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр оқырман өзінің оқыған кітабын 5 минут уақытта қысқаша мазмұнымен таныстырып өтті. Екінші кезеңде сұрақ – жауап түрінде өрбіп, студенттер өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсете алды.
Іс—шара студенттердің рухын көтеріп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды. Оқыған кітаптарына шолу жасай отырып, бір – біріне оқуға кеңес берді. Шара соңында кітапты жақсы түсіндірген студент және сайысқа белсене қатысқан білім алушылар алғыс хатпен марапатталды.