ҚЫЗЫМ ҮЙДЕ, ҚЫЛЫҒЫ ТҮЗДЕ

ҚЫЗЫМ ҮЙДЕ, ҚЫЛЫҒЫ ТҮЗДЕ

2023-01-27

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Шетел тілі» бөлімі мен колледж медбикелерінің ұйымдастыруымен «Қызым үйде, қылығы түзде» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.

    Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

    Шараға Облыстық жастар денсаулық орталығының гинеколог дәрігері Г.Ж.Ибраева, Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы А.З.Құлмұратова, колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс және бөлім студенттері қатысты.

    Кездесуде спикерлер қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Тақырып аясында бейнероликтер мен арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Сонымен қатар, колледж медбикесі жиналыста қыздардың оқу орны ішіндегі тәртібі, қыз баланың жеке гигиенасы, қазақ қызы қандай болуы, бойына тән қандай қасиет болуы керектігін түсіндірді.

    Шара соңында Айман Задашқызы  білім алушыларға бірқатар сауалдар қойып, тақырып жайлы біршама ақпараттар беріп өтті.