М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шаңырақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ИДЕЯСЫ» атты облыстық студенттік пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.
Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева шараның ашылу жиынында аймақтағы дебат қозғалысының дамуы, зияткер жастардың еліміздің өркендеуіне маңызы жайында айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аймақ бойынша отызға жуық сөз шеберлері тартысқа түскен сайыста оралымды ой, пайымды пікір айтылып, дебатер жастардың білімі сынға түсті.
Облыстық пікірсайыс турнирінде 13 фракция бақ сынап, студенттердің ақылы мен парасаты, білімі мен шеберлігі шыңдалып, шын жүйріктер анықталды.
Сайыс нәтижесіне сай:
I орын «Мәншүк» фракциясы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
ІІ орын «Торнадо» фракциясы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі
ІІІ орын «Дофамин» фракциясы Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Сонымен бірге Ердәулет Төлен «Үздік төреші», Ерғалиқызы Жансая «Үздік спикер» номинациясымен марапатталып, колледж кәсіподағының атынан марапат иелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.