Өмір,өмірдің мәні

Өмір,өмірдің мәні

2023-02-07

    Облыстық білім басқармасы «Суицидтің алдын-алу және болдырмау бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес» колледж психологтарының ұйымдастыруымен «Өмір,өмірдің мәні» тақырыбында топ жетекшілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Шараның мақсаты – студенттердің өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру,  олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа,   достыққа, сыйластыққа үйрету; •Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.

    Психологиялық тренингте стресске төзімділік, суицидтік ойдан айырылу, жағымсыз әдеттерге бой алдырмау жолдары түсіндіріліп, өмір жайлы талдау, өмірдің мәнін түсіндіру, кез келген тығырыққа тірелген кезде қалай шығуға, ешқашан мойымау, берілмеу керектігі жөнінде тереңірек әңгімеленді. Колледж психологтары өздерінің қажетті кеңестерін беріп, тақырыпқа сай арнайы видео, слайдтар көрсетілді.

    Шара соңында қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында семинар-тренингтер жүргізіп, шара барысында толық және қызықты мағлұмат алған оқытушылар алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.