«Шаңырақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Б.П. Педагогика саласында ер мұғалімге қарағанда әйел мұғалімнің жетістікке жету мүмкіндігі жоғары деп есептейді» тақырыбында дебаттан көрсетілім ойын өтті.
Ойында «Үкімет» тарапынан «Исаака» фракциясы өнер көрсетсе, оларға қарсы «Мәншүк» фракциясы оппозиция тарапында жүйелі ойын өрнегін көрсетті. Исаакалық спикерлер Қуанышбай Гүлім мен Ерғалиқызы Жансая білім саласында жетістікке жетіп, өзіндік өшпес қолтанба қалдыра алған Шәмшә Көпбайқызы бастаған бірнеше әйел қайраткерлер туралы мысал келтірді. Қарсы тарап – Мәншүктік спикерлер Бекзатхан Махамбет пен Өміртай Ақбота педагогика саласының шыңы ретінде басқарушы жүйелерді мысалға келтіріп, онда ер мұғалімдердің мансаптық жолы сәтті болатынын сөз етті. Өз кезегінде парламентарий да ой қосып, пікір-сайыс алаңын қыздыра түсті.
Аталған тақырып бойынша білімі мен білігін, парасаты мен пайымын таразыға салып, пікірлерлерімен бөліскен жастар жоғары деңгейде ойын алаңын құра білді.